рус қаз
Меню
Новости

05.09.2019

Қарағанды облысында «Мектепке жол» ауқымды акциясы аясында жаңа оқу жылында көп балалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан 10 800-ден астам бала көмек алды. Демеушілер мен қайырымды жандар оларға кеңсе заттарын, аспалы дорбалар мен мектеп киімдерін сатып алды. Кейбір ұйымдар оқуға қажеттісін өздері таңдап алуы үшін отбасыларға белгілі бір сомаға сертификаттар берді. Акцияны жеке және мемлекеттік құрылымдар қолдады. Балаларды мектепке жинауға қайырымдылық көмекті компаниялар, кәсіпорындар мен ұйымдар, қоғамдық және діни бірлестіктер, Қазақстан халқы Ассамблеясының облыстық филиалының мүшелері және т.б. көрсетті. Облыстық білім басқармасының ақпараты бойынша, жалпы сомасы 140 млн теңгеден астам сомаға көмек көрсетілген. Шілде айында басталған «Мектепке жол» акциясы осымен аяқталмайды. Ол қыркүйек айының соңына дейін жалғасады. «Мектепке жол» акциясы Қарағанды облысында он жыл бойы ұйымдастырылып келеді. Жыл сайын оның шеңберінде мыңдаған оқушы көмек алады.

 


Вернуться назад



© 2019 информационный портал аппарата акимата Улытауского района
© 2019 Әзірлеген және қолдаған - Интернет-компания «Creatida»