рус қаз
Меню
Новости

06.09.2019

Қарағанды облысы әкімінің орынбасары болып бұған дейін елордада «Астана» Халықаралық ғылыми кешеніні Директорлар Кеңесі төрағасының орынбасары болып жұмыс істеген 41 жасар Абзал Нүкенов тағайындалды. Кадрлық өзгерістер туралы хабарды аймақ басшысы Ерлан Қошанов активінің отырысында мәлім етті. - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша Нүкенов Абзал Нүкенұлы облыс әкімінің орынбасары болып тағайындалды. Ол әлеуметтік сала мен ішкі саясат мәселелеріне жетекшілік ететін болады. Бұл міндетке бірден бірнеше бағыт кіреді: білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт, тіл саясаты, ішкі саяси тұрақтылық пен конфессияаралық келісімді қамтамасыз ету, жастармен және БАҚ - пен жұмыс, - деді Ерлан Қошанов. Сонымен қатар, облыс әкімінің өкімімен орынбасарларының міндеттері қайта қаралды. Әлеуметтік қорғау, халықты жұмыспен қамту және еңбек қатынастары мәселелеріне облыс әкімінің өнеркәсіп және ШОБ дамыту жөніндегі орынбасары Алмас Айдаров жетекшілік ететін болады. Абзал Нүкенов 1978 жылы 21 шілдеде Алматы облысы Ақсу ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін «саясаттанушы, саясаттану оқытушысы» мамандығы бойынша бітірген. Саяси ғылымдарының кандидаты. Еңбек жолын 2000 жылы «Отан» республикалық саяси партиясынан бастады. 2005 жылдан бастап мемлекеттік қызметке ауысты. Алматы қаласы Ішкі саясат департаментінің бөлім басшысы, кейін Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімінің орынбасары болып жұмыс істеген. Осыдан кейін Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінің заманауи зерттеулер институтын басқарды. Осы ЖОО-да заң жобаларын құқықтық сараптау және заманауи зерттеулер институты директорының орынбасары болды. 2011-2016 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінде Қауіпсіздік Кеңесінің Ахуалдық орталығының меңгерушісі болып жұмыс істеді. 2016 жылдан бастап 2018 жылға дейін ҚР Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі қызметін атқарды. 2018 жылдың тамыз айынан қазіргі уақытқа дейін «Астана» халықаралық ғылыми кешені Директорлар Кеңесі төрағасының орынбасары болып жұмыс істеді.

 

 


Вернуться назад



© 2019 информационный портал аппарата акимата Улытауского района
© 2019 Әзірлеген және қолдаған - Интернет-компания «Creatida»