рус қаз
Меню
Новости

04.09.2019

Қыркүйек айының 4-і күні аудан әкімдігінің мәжіліс залында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған  Жолдауын талқылау мақсатында актив жиыны  өтті.

   Жиынға аудандық мәслихат хатшысы, аудандық мәслихат депутаттары, аудан әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысы,  аудандық "Нұр Отан" партиясының Саяси кеңесінің мүшелері,  мекеме, бөлім басшылары және кент, село әкімдері қатысты.

    Актив жиынында аудан әкімі Омар Әнуар Серікбайұлы  ҚР-ның Президенті Қ.Тоқаевтың "Сындарлы қоғамдық диолог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі" – атты Қазақстан халқына арналған Жолдауына сәйкес  баяндама жасады.

    Бұдан кейін  Мемлекет басшысының Жолдауына қолдау көрсетіп,  актив мүшелері  белсенділік танытты.  Аудандық мәслихат депутаты С.Тәшенов,  Ұлытау ауданы полиция бөлімінің басшысының орынбасары Б.Тәшмағанбетов, аудандық кәсіпкерлік және ауылшаруашылық бөлімі басшысының міндетін атқарушы Г.Ауғанова, аудандық кірістер басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ж.Мұханбетов, аудандық мәслихат депутаты Э.Ершұманова, №1 Ұлытау орта мектебінің жас маманы Д.Әбіш, аудандық орталық аурухананың дәрігері М.Досымханова,  аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Т.Шайхин Жолдауда көрсетілген ел экономикасына негіз болатын тұстарын құптап, халыққа тиімді жолдарын баян етті.

   Жиын соңында Жолдауда көрсетілген тапсырмалар пысықталып, оны жүзеге асыру жолдары әр сала басшыларына міндетеліп жүктелді.

 


Вернуться назад



© 2019 информационный портал аппарата акимата Улытауского района
© 2019 Әзірлеген және қолдаған - Интернет-компания «Creatida»