рус қаз
Меню
Новости

04.09.2019

04.09.2019 жылы Ұлытау ауданы әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі Омар Әнуар Серікбайұлының төрағалығымен кеңейтілген аппарат мәжілісі өтті. Мәжіліске аудандық мәслихат хатшысы Т.Сейтжанов, аудан әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысы, қоғамдық кеңестің төрағасы, мекеме, бөлім басшылары, кент, село әкімдері қатысты.  Аппарат мәжілісінде үш мәселе қаралды.Бірінші мәселе 2019 жылдың 8 айдағы бюджет қаражатының игерілуі және жыл сонына дейін күтілетін бюджет көрсеткіштері туралы Ұлытау ауданының экономика және қаржы бөлімінің басшысы Т.Шайхин, екінші мәселе 2019-2020 жылғы жылу беру маусымына дайындығы (электр энергиясы, ауыз су, жол, жылу қазандықтары, көмір тасымалы, әлеуметтік маңызы бар нысандардың дайындығы) туралы аудандық ТҮКШ,ЖК,АЖ және ТИ бөлімінің басшысы Ж.Бегаев, үшінші мәселе Мибұлақ селолық округі әкімдігінің 8 айында атқарылған және алдағы 2020-2021 жылдары атқарылатын жұмыс жоспары туралы село әкімі Қ.Какімжанов атқарылған жұмыстары жөнінде баяндама жасады. Жасалған баяндамаларға сәйкес аудан әкімі Әнуар Серікбайұлы алғаш мәселе бойынша игерілмеген қаржыны игеру керектігін, осы мәселені күнделікті мониторингке алуға тапсырды.Екінші мәселе жөнінде аудандаға мекемелердің көмір түсіру жұмыстарын тез арада шешу керектігі жөнінде әңгіме қозғалды. Ал, үшінші мәселе Мибұлақ ауылдық округінің берген есебін алдағы уақытта толықтыру керектігін жүктеді. Сондай-ақ, аудан басшысы жиын соңында аудан мекеме, бөлім басшылары және кент,село әкімдеріне берілген тапсырмаларды дұрыс уақытылы орындау керектігін айтты. 

 


Вернуться назад



© 2019 информационный портал аппарата акимата Улытауского района
© 2019 Әзірлеген және қолдаған - Интернет-компания «Creatida»