рус қаз
Меню
Новости

30.08.2019

Тамыз айының 30-ы күні Ұлытау аудандық мәдениет үйінде Қазақстан Республикасының Конституция күні өтті. Салтанатты шарада аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері Елтаңба мен Мемлекеттік  Туды салтанатты түрде сахна төріне алып шықты. Салтанатты шара ҚР-ның Мемлекеттік Әнұрымен ашылды. Бұдан кейін аудан әкімі Әнуар Омар ұлытаулықтарды мерекелерімен құттықтап, аудан әкімінің және аудандық мәслихат хатшысының Құрмет грамотасын Ұлытау аудандық полиция бөлімінің полиция старшинасы Қанағат Есмағанбетов, Ұлытау аудандық сотының қызметкері Мұрат Сұлтанов, Ұлытау ауданы прокуратурасының прокуроры Сырлыбай Байбоcын, Ұлытау ауданы полиция бөлімі, жергілікті полиция бөлімшесінің учаскелік полиция испекторы Дидар Айдарбеков пен Жанбота Аубакировтарды марапаттады. Келесі кезекте аудандық кәсіподақ ұйымының төрағасы Шаяхмет Үмбетов ауданымыздың ардагерлері Сәрсен Бектемисов пен Әшен Жынғылбаевқа ауылшаруашылығы ұйымы қоғамдық бірлестігі атынан «Құрметті Ардагер» төсбелгісін табыс етті.

   Марапаттау рәсімінен кейін Ұлытау ауданы прокуратурасының прокуроры Сырлыбай Байбосын ҚР-ның Конституция  күнімен құттықтап, Ата Заңымыздың маңыздылығы жөнінде бірқатар мағұлмат берді.

       Салтанатты шараның соңы аудандық мәдениет үйінің өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты.

 


Вернуться назад



© 2019 информационный портал аппарата акимата Улытауского района
© 2019 Әзірлеген және қолдаған - Интернет-компания «Creatida»