рус қаз
Меню
Новости

01.09.2019

  Қыркүйек айының 1-і күні №1 Ұлытау  орта мектебінде білім күніне арналған "Сыңғырла күміс қоңырау" атты салтанатты жиын өтті. Оған Ұлытау ауданы  әкімі Әнуар Омар, №1 Ұлытау   орта мектебінің директоры Қанат Жылқыбаев,мектеп  мұғалімдері, ата-аналар, оқушылар қатысты.

   Салтанатты шарада мектеп табалдырығын аттағалы отырған бүлдіршіндер мен 11-сынып оқушылары салтанатты түрде ортаға шақырылды.Бұдан кейін Ту көтеру құрметіне 11-сынып оқушылары Нұртілеу Дүйсенбаев пен Камила Мазитова ие болып, Салтанатты шара ҚР-ның Мемлекеттік Әнұранымен ашылды.

   Алғашқы құттықтау сөз алған аудан басшысы Әнуар Серікбайұлы мұғалімдер, ата-аналар, оқушыларды білім күнімен құттықтап, жаңа оқу жылына сәттілік тіледі. Аудан әкімінің құттықтауынан кейін 1-сынып оқушылары өлең шумақтарын мәнерлеп оқып берді. 

 Бұдан соң алғашқы қоңырау соғу мәртебесіне 11-сынып оқушылары Жалғас Қайрат пен Алтынай Ерназар және 1-сынып оқушылары Айсұлтан Жездікбек мен Гүлім Нұроллаға берілді. Сондай-ақ, бұл күні 11-сынып оқушылары 1-сынып оқушыларына «Сауат ашу» кітабын табыс етті.

 Салтанатты шара №1 Ұлытау орта мектебінің оқушыларының концерттік бағдарламасымен жалғасын тапты.

 

 


Вернуться назад



© 2019 информационный портал аппарата акимата Улытауского района
© 2019 Әзірлеген және қолдаған - Интернет-компания «Creatida»